Қасіретті қаңтар оқиғасы » Бірлік орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бірлік орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-7-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 93-7-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қасіретті қаңтар оқиғасы
05
январь
2023

Қасіретті қаңтар оқиғасы

   Қаңтар оқиғасы еліміз үшін үлкен сынақ болды. Бұл оқиға бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Осы күндерде еліміз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-дүниесімен сезінді. Бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық. Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев сын сағатта нақты әрі батыл шешім қабылдай білді. Дегенмен елімізде болған қайғылы оқиғаның кесірінен сарбаздар мен бейбіт тұрғындар қаза тапты. Бұл күн- баршамыз үшін өте ауыр күн. Көк аспанда желбіреген көк туымыз бұдан кейін ешқашан төмен түсірілмесін деп айтқым келеді. Байрағымыз мәңгілік желбіреп тұрсын, құрметті ағайын!
Бірлік орта мектебінің директоры: Г.З.Кембебаева