Оқушылар жетістіктері » Бірлік орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бірлік орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-7-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 93-7-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар жетістіктері
Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады.
22
декабрь
2023
Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады.
«Алматы облысының білім басқармасы»  мемлекеттік мекемесі «Жас Дарын»  Облыстық дарынды балалар мен  талантты жастарды анықтау  және қолдау  о қу-әдістемелік орталығы «Үркер» зияткерлік орталығы ұйымдастырған «Бастау» олимпиадасына 5-сынып оқушысы Баулыш Диар сертификатпен, Абдижаппарова Жансая  –жетекшісі Мейрманова Тоты Тұрсыновна  қатысып, ІІІ дәрежелі диплом және қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.  
Бұлақ көрсең көзін аш"
09
декабрь
2023
Бұлақ көрсең көзін аш"
8-желтоқсан күні Балқаш аудандық мәдениет үйінде "Алтын тұғыр" мұғалімдерге арналған олимпиадасының жеңімпаздарын, "Алтын түлек" 9-11 сынып , "Алтын сақа" олимпиадаларының аудандық кезеңінің  жеңімпаздарын, 3-4-сынып,5-6 сынып оқушыларын марапаттау өткен болатын. Әр мектептің дүлдүлдері қатысқан олимпиадаларда мектебіміздің дарынды оқушылары да қалыс қалған жоқ. Білімдерін сынап, жүлделі орын алғандар: 3-4 сыныптан Нұркерім А-2 орын, Алмасқызы А-2 орын, Баймолда А -3 орын, Медетұлы Н-1 орын,
Байқаулар сыр шертсін!
17
ноябрь
2023
Байқаулар сыр шертсін!
"Атамұра " республикалық  ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен 2023-2024 оқу   жылының қыркүйек   айындағы"Бояулар   құпиясы" байқауына   қатысып 1  орын Жарылқасын  Айару   Медетқызы    І ДӘРЕЖЕЛІ  дипломмен марапатталды 
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап.   Абай Құнанбайұлы
16
ноябрь
2023
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Абай
«Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығы    ұйымдастырған  Қазақстан  тарихынан 5-9 сынып оқушылары арасында Республикалық қашықтықтан  «Тарих ата»   олимпиадасына 7- 9 сынып оқушылары қатысып нәтижесінде  27 оқушы І-ІІ  дәрежелі  дипломымен марапатталды.
"Зерде" ғылыми зерттеу конкурсы
16
октябрь
2023
"Зерде" ғылыми зерттеу конкурсы
Бастауыш сынып мұғалімі Мөлдір Күмісбекқызы 4 "А" сынып оқушысы Төлеген Абылайханмен кіші ғылым "Зерде" конкурсына "Саумалдың адам ағзасына тигізер пайдасы" тақырыбын зерттеу жүргізу барысындағы түсірілген жұмыстар. Аудандық кезең бойынша 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Алтын сақа 3-4 сынып
06
октябрь
2023
Алтын сақа 3-4 сынып
Республикалық «Алтын сақа»    олимпиадасының мектепішілік  кезеңіне 3-4 сыныптан барлығы   12  оқушы қатысып, төмендегі оқушылар аудандық   кезеңге  жолдама алды:   Нұркерім Аяна (3-сынып) -90 балл-1 орын Жасқайрат Мадина (3-сынып)-85 балл-2 орын Алмасқызы Айару (3-сынып)-90 балл-1 орын Баймолда Айдос (4-сынып)-90-балл-1-орын Медетұлы Нұрәлі (4-сынып)-90 балл-1 орын Әлібек Арман (4-сынып)- 90 балл-1 орын
"Бірлік орта мектебі"  мкм-де «Дарын» Республикалық Ғылыми практикалық орталығы  ұйымдастырған  «Кенгуру» облыстық олимпиадасы басталды!
26
сентябрь
2023
"Бірлік орта мектебі" мкм-де «Дарын» Республикалық Ғылыми
26-30 қыркүйек күндері  3-4 сыныптар аралығында  «Дарын» Республикалық Ғылыми практикалық орталығы   ұйымдастырған  «Кенгуру» облыстық олимпиадасына  3 -сынып Ерланұлы А, Тлеуберген Д – І дәрежелі диплом,  4-сынып Медетұлы Н, Төлеген А, АлимқызыА, Мұхтар А, Асқар А, Талғатұлы Е,  Дарханқызы А –І дәрежелі диплом, Жанан Д-ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.