Әдістемелік жұмыстар » Бірлік орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бірлік орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-7-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 93-7-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік жұмыстар
Дарындыларды іздеу ауылдан басталады!
20
декабрь
2023
Дарындыларды іздеу ауылдан басталады!
"Бірлік орта мектебі" мкм-де ауыл олимпиадасының ашылу салтанаты болды. Іс-шараны ашқан білім мекемесінің директоры Гүльнар Зауланбаевна  жас қатысушыларды құттықтап, жаңа жеңістер мен жоғары нәтижелер тіледі. Олимпиаданың мақсаты — ауыл оқушыларының таланттары мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау, — деп атап өтті.     Айта кетейік, аудандардан
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
29
ноябрь
2023
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
2023  жылдың  қыркүйек  және  қазан   аралығында  тарих пәнінің мұғалімі   Н.Жайлауов «Геродот »   тарих пәні мұғалімдері ассоциациясының облыстық   мүшесі     ретінде       облыстық    оn-line   семинарларына   қатысты. 
Аудандық "Дарынды балаға-талантты ұстаз"  жас мамандар жарысы өтті.
23
ноябрь
2023
Аудандық "Дарынды балаға-талантты ұстаз" жас мамандар жарысы өтті.
23-қараша күні №1 Жамбыл орта мектебінде "Дарынды балаға-талантты ұстаз" аудандық жас мамандар арасындағы жарысына "Бірлік орта мектебі" мкм бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Мұхтарқызы Айшолпан қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Әлі де жас болса да бойындағы талантымен тәжірибе таратып, өзінің білікті маман екенін дәлелдей білді. 
"Тіл -асыл қазына"
16
ноябрь
2023
"Тіл -асыл қазына"
5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған  «Тіл-рухани қазына» апталығы өткізілді. Апталық барысында  қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұстаздары оқушылармен түрлі іс-шара ұйымдастырып, блімдерін шыңдады. "Мың бір-мақал,  жүз бір-жұмбақ", түрлі интелллектуалды сайыстарға қатысып, ең белсенді болған  оқушылар апталық қорытындысында дипломмен марапатталды.
Аудандық "Алтын тұғыр", "Алтын сақа" олимпиадаларына байланысты семинар өтті
30
октябрь
2023
Аудандық "Алтын тұғыр", "Алтын сақа" олимпиадаларына байланысты
30-қазан күні  Республикалық «Алтын сақа», «Алтын тұғыр» олимпиадаларын  ұйымдастырушыларымен аудандық семинарға "Бірлік орта мектебі" мкм-нен бастауыш сынып мұғалімдері  Төлегенова Н, Дарибаева А қатысып, тәжірибе алды.
"Өрлеу" БАҰО базасында ұйымдастырылған курс өткізілді!
23
октябрь
2023
"Өрлеу" БАҰО базасында ұйымдастырылған курс өткізілді!
09-20-қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО базасында «Бастауыш сынып мұғалімдерін оқу пәндері бойынша пәндік құзыреттілігін дамыту»біліктілікті арттыру курсына бастауыш сынып мұғалімі Уябасарова Сайра қатысып, сертификатталды.
Аудандық "Үздік жыл психологі" психологтар арасындағы жарыс өтті
03
октябрь
2023
Аудандық "Үздік жыл психологі" психологтар арасындағы жарыс өтті
Ауданымызда "Үздік жыл психологі" атты психологтарға арналған жарысы өтті. Мектебімізден педагог-психолог Жолдыбай Алтынай Тлектесқызы қатысып,"Үздік жас психолог" номинациясы бойынша марапатталды. Алтынай Тлектесқызына алдағы уақытта жұмысына творчестволық табыс тілей отырып, жеңісі, алар  асуы көп болсын деген ізгі ниет білдіреміз! 
Өз білімін шыңдайтын ұстаз- нағыз ұстаз!
30
сентябрь
2023
Өз білімін шыңдайтын ұстаз- нағыз ұстаз!
ДББҰ ПШО 18-29-қыркүйек аралығында «Мектептегі орыс тілі мен әдебиеті сабағы:  бағдарлау мен жетілдіру стратегиялары» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру курсына орыс тілі мен  әдебиеті мұғалімі А.Ансабекова  қатысып, біліктілігін арттырып келді.
"Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ,табысты ұлт"
26
август
2023
"Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ,табысты ұлт"
24-25.08.2023 ж. Петропавл қаласында "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында Республикалық Тамыз кеңесінің  делегаты болып "Бірлік орта мектебі" мкм-нен тарих пәнінің мұғалімі Жайлауов Нурболат Куатбекович барып, тәжірибе алмасып қайтты