"АКТ-ны сабақта пайдалану тиімділігі" аудандық семинар » Бірлік орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бірлік орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-7-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 93-7-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "АКТ-ны сабақта пайдалану тиімділігі" аудандық семинар
27
апрель
2022

"АКТ-ны сабақта пайдалану тиімділігі" аудандық семинар

27 сәуір күні "Бірлік орта мектебі" мкм-де Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері А.Смағұловтың қатысуымен «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақта пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінің ішінен Қарағаш орта мектебінің, Жамбыл 2 орта мектебінің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасуға қатысты. Семинардың бағдарламасына сәйкес Бірлік орта мектебінің тәжірибелі ұстаздары Дарибаева А., Сейтқұл А, Иманбек А, Буратай Х. өздерінің әр сабақтарында қолданатын ақпараттық технологияларымен үлгілі сабақтарын жүргізіп, мектеп психологтарының тренингімен жалғасты. Семинардың соңында тәжірибе алмасуға келген мұғалімдер өздерінің кері байланыстарын беріп, ұсыныстарымен де бөлісті.