Ақпарат » Страница 8 » Бірлік орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бірлік орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-7-71
Есепші бөлімі:
+7(72773) 93-7-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аудандық "Қауіпсіз дөңгелек-2018"
17
май
2018
Аудандық "Қауіпсіз дөңгелек-2018"
Балқаш аудандық Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторының ұйымдастыруымен өткізілген "Ювеналды жас полиция көмекшілері" атты байқауында Бірлік орта мектебінің "Жас Ұлан" командасы 3-орын, саптық көрініс байқауынан 3-орын, дене көтеру байқауынан Қалиасхат Рахат 1-орын, "Жас Ұлан" командасына жетекшілік еткені АӘД жетекшісі Анипин Айбар Алғыс хатпен марапатталды.                  
7 мамыр- Отан қорғаушылар мерекесі
10
май
2018
7 мамыр- Отан қорғаушылар мерекесі
Бірлік орта мектебінде 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында 1-4 сынып оқушылары арасында "Ерлік елге мұра" тақырыбында тылда еңбек еткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жуасбаев Торғайбай ата, Черновлға қатысушы Ыхметов Сансызбай ағамен кездесу кешін ұйымдастырса, 5-10 сынып оқушылары арасында салтанатты саптық шеру өткізілді. Алғашқы әскери дайындық жетекшісі Анипин Айбарға әр сыныптың командирлері пәрмен берді. Саптық шеруде 8 сынып оқушысы Мұзарапша Назерке мен 10 сынып оқушысы
Тазалық акциясы
26
март
2018
Тазалық акциясы
«Бірлік орта мектебі» мкм бойынша 19 наурыз күні мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының «Экология» министрі Бейсенбек Аружанның ұйымдастыруымен «Таза аула» , «Таза сынып» акциясы ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарымен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.          
Мұқағали оқулары
26
март
2018
Мұқағали оқулары
Мектебіміздің 7 сынып оқушысы Нұрланқызы Шырын ауданда  ұйымдастырылған  жыр мұзбалағы ақиық ақын Мұқағали оқуларына қатысып, аудан мектептері арасында Бас жүлде иегері атанып, облысқа жолдама алды. Облыста өткен  Мұқағали оқуларында  өрелі бәйгенің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпары екенін дәлелдеп  3-орынды жеңімпазы атанды. Облыс көлемінде  ауданымыздың мерейін асқақтатты.   Жетекшісі:  Мамырова  Қарлыға            
"Үздік педагог-2018" аудандық байқауы
26
март
2018
"Үздік педагог-2018" аудандық байқауы
Балқаш ауданы бойынша   «Үздік педагог –ұйымдастырушы-2018» байқауына қатысқан  педагог-ұйымдастырушысы Мамырова Қарлыға  аудан көлеміндегі  өткізілген мектеп педагогтар арасындағы байқауда   біліктілігін жоғары деңгейде көрсетіп  « ҮЗДІК НОВАТОР» номинациясымен марапатталды.         
"Сыйынар ем ана деген тәңірге"
25
март
2018
"Сыйынар ем ана деген тәңірге"
"Бірлік орта мектебі" мкм-де халықаралық аналар мейрамына арналған 1-11 сыныптар арасында "Сыйынар ем ана деген тәңірге" тақырыбында сынып сағаттары, кездесулер, концерттік бағдарламалар өткізілді. 7 наурыз күні мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымы "Арулар -асыл жандар" атты мектеп ұстаздарына, ата-аналарға, мектебіміздегі ару қыздарға концерттік бағдарлама, әзіл-сықақ, түрлі қызықты ойындармен өрнектелген  қызықты кеш сыйлады.                    
"Үздік сынып жетекші " байқауы
23
март
2018
"Үздік сынып жетекші " байқауы
Балқаш ауданы бойынша биылғы "Үздік сынып жетекші-2018" байқауына қатысқан "Бірлік орта мектебі" мкм -нің 9 сынып жетекшісі Даулетбақова Айгуль Сакенована 3-орын иегері атанып, мектебіміздің мерейін асқақтатты.          
"Армысың, Әз наурыз!" мерекелік шара
23
март
2018
"Армысың, Әз наурыз!" мерекелік шара
Балқаш ауданы "Бірлік орта мектебі" мкм 1-11 сынып оқушылары арасында "Армысың, әз наурыз!" тақырыбында  салт-дәстүрлер қамтылған сахналық мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.